Жарнама
Жарнама

Томас Тухель «Баварияны» тізгіндеуі мүмкін

21.09.2022, 18:12
Мюнхендік клуб биылғы маусымды нашар бастады.
Жарнама
Жарнама

«Челсидің» бұрынғы бас бапкері Томас Тухель «Баварияны» баптауға дайын, деп хабарлайды Bild басылымы.

Дереккөздің айтуынша, Тухель бапкерлік қызметте үзіліс жасағысы келмейді. Мюнхендік клубта жұмыс істеу үшін ол лондондық командаға қарағанда төмен жалақы алуға дайын. Бірақ тараптар арасындағы келіссөздер әлі басталған жоқ.

«Бавария» Бундеслига маусымын нашар бастады. Турнирдің жеті ойынында 12 ұпай жинаған команда турнирлік кестеде көш бастап тұрған «Унион Берлиннен» бес ұпайға қалып, бесінші орында тұр. Бундеслиганың соңғы төрт ойынында мюнхендіктер бірде-бір рет жеңіске жетпеді (үш тең ​​ойын, бір жеңіліс).

49 жастағы Тухель 2022 жылдың 7 қыркүйегіне дейін «Челсидің» бас бапкері ретінде еңбек етті. Маусым басында нашар нәтиже көрсеткені үшін клуб басшылығы маманды қызметінен босатты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров