Жарнама
Жарнама

Томас Тухель Чемпиондар Лигасында рекорд орнатты

06.05.2021, 16:43
Тухель «Челсиге» келгелі бері Моуриньоны, Клоппты, екі рет Симеонені, Гвардиоланы, Зиданды жеңді. Осы матчтарда лондондық клуб бір ғана гол жіберген.
Жарнама
Жарнама

Лондондық "Челси" Томас Тухельдің басшылығымен "Реал Мадридтен" басым түсіп, Чемпиондар Лигасының финалына шықты (1:1, 2:0).

Тухельдің командасы екінші жыл қатарынан осы турнирдің финалында ойнамақ. Өткен маусымда неміс маманы бастаған "Пари Сен-Жермен" Чемпиондар Лигасының финалында "Бавариядан" 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. Тухель екі жыл қатарынан екі командамен финалға шыққан тарихтағы алғашқы жаттықтырушы атанды.

"Челсидің" финалдағы қарсыласы ПСЖ-ны артқа тастаған "Манчестер Сити" болады.

Айта кетейік, соңғы үш маусымда екінші рет ағылшын командалары Чемпиондар Лигасының финалында ойнайын деп тұр. 2019 жылы "Ливерпуль" финалда "Тоттенхэмді" 2:0 есебімен жеңген еді.

Жалпы, бұл тарихтағы дәл осындай үшінші финал болмақ. 2008 жылы Мәскеуде "Манчестер Юнайтед" пенальти сериясы арқылы "Челсиді" жеңіп, қалқанқұлақ кубокті бастарына көтерген болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров