Жарнама
Жарнама

Томас Тухель Чемпиондар лигасының рекордын орнатты

17.03.2022, 16:41
Тухель лондондық клубпен екінші рет ширек финалға өтті.
Жарнама
Жарнама

«Челсидің» бас бапкері Томас Тухель Чемпиондар лигасындағы алғашқы 50 ойынының 32-сінде жеңіске жетті, бұл турнирдегі рекорд болып табылады, деп жазды OptaFranz порталы.

Бұл көрсеткіш бойынша Тухель алғашқы 50 ойынында 31 мәрте жеңіске жеткен Зинедин Зиданды басып озды. Ал 30 ойында жеңіс тойын тойлаған «Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола үздік үштікті түйіндеді.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Челси» «Лилльді» қос матчтың қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңіп, ширек финалға өтті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров