"Челсидің" тәлімгері Томас Тухель Англия Премьер-лигасының қазан айындағы ең үздік бапкері деп танылды.
Өткен айда неміс маманының жетекшілігімен "аристократтар" 4 кездесудің бәрінде жеңіске жетті. Лондондық клуб "Саутгемптон" (1:3), "Брентфорд" (1:0), "Норвич" (7:0) және "Ньюкасл" (3:0) командаларынан басым түсті.
Тухель дауыс беру кезінде Юрген Клопп ("Ливерпуль"), Дэвид Мойес ("Вест Хэм") және Патрик Виейраны ("Кристал Пэлас") басып озды.
Біздің серіктес: FONBET