Жарнама
Жарнама

Томаш Шимкович: «Ақтөбенің» үстінен ФИФА-ға арызданғаным рас»

18.08.2020, 18:25
ҚПЛ-да төрт жыл ойнап, «Тобыл» мен «Ақтөбенің» намысын қорғаған Томаш Шимкович берген сұхбатында ақтөбелік клубқа қарсы сот ісі туралы айтып, Қазақстанда ойнаған сәттерін еске алды.
Жарнама
Жарнама

- Томаш, қазір латвиялық "РФШ" клубында ойнап жатсыз. Коронавирус пандемиясы кезінде латвиялық футболдың жағдайы қалай?

- Қазір чемпионаттың ортасындамыз. Чемпионатты бір айналымға қысқартты. Мұнда басқа елдерге қарағанда жағдай жақсырақ, себебі Латвия - кішкентай ел, сондықтан жағдайды бақылауда ұстау оңай.

- Қазақстан Премьер-лигасында бірнеше жыл ойнадыңыз. Қазір Қазақстан футболын қарап тұрасыз ба?

- Қазақстандық футболды қарап тұрамын, әрине. Ол жақта көптеген досым бар, бұл елде 4 жыл ойнадым ғой. Қазақстанды сағындым, Қостанайда ең керемет сәттерім өтті. Жанкүйерлер де мені жақсы жағымнан есте сақтап қалды деп ойлаймын. «Ақтөбенің» Премьер-лигада қалуына көмектестім, бірақ, өкінішке қарай, мұны бағаламады. Бұл ұзақ әңгіме. Маған "Ақтөбенің" жанкүйерлері мен стадионы ұнады. Нағыз футбол қаласы. Ол жақта ойнағаныма қуаныштымын.

- Қазақстанда не нәрсе қатты есіңізде қалды?

- Халықтың маған деген қарым-қатынасы қатты ұнады. Әрқашан бәрі жақсы болды. Басында ел ішіндегі сапарларға үйрену қажет болды. Австриядан келген соң басында инфрақұрылымды көріп қатты таңғалдым. Бірақ қазір бұл одан да қатты дамып жатыр. Оның ішінде «Тобыл» да бар. Ол жақта футбол дамып жатқаны мені қуантады. Қазіргі команда да мықты деп ойлаймын. Соңғы жылдардағы ең мықты құрам.

- Таяуда Қазақстанда ойнаған қырғызстандық Антон Землянухин «Астанаға» қарсы матчта қызыл қағаз алуға талап етілгенін айтқан еді. Қазақстанда ойнаған уақыттп сондай сәттер болмады ма?

- Білмеймін. Ондайды ешқашан естімедім.

- Соңғы сұрақ. Жақында «Ақтөбе» ФК сізге қатысты сотта жеңіске жеткені туралы ақпарат шықты. Сіз клубтан 84 миллион теңге талап еткеніңіз хабарланған. Бұл рас па және сот ісі бітті ме?

- Иә, ФИФА-ға арыз жазғаным рас. Себебі клуб басшылығымен шешілмеген мәселелер бар. Бірақ әлеуметтік желі мен жаңалықтарда шыққан ақпараттың 90 пайызы жалған. Сот ісі әлі біткен жоқ, қазір барлық ақпаратты айта алмаймын. Бірақ менімен келісімшартты бұзу туралы айтылғанның бәрі өтірік.

- Рақмет, Томаш. Сәттілік!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров