Семейдің мақтанышы — "Елімай" футбол клубы тарихындағы жаңа парақты ашты. Бір кездері ел футболының символына айналған команда бірнеше жыл бұрын қайта құрылып, небәрі үш маусым ішінде Еуропа аренасына жолдама алды.
1990-жылдары "Елімай” (сол кездегі "Спартак") үш мәрте Қазақстан чемпионы атанып, отандық футболдың шыңына көтерілген еді. Алайда қаржылық қиындықтар мен қарыздардың кесірінен клуб 2010-жылдары жабылып қалған болатын.
2022 жылы "Елімай" қайта тірілді. Эмблема мен клубтық реңктер жанкүйерлердің онлайн дауыс беруі арқылы бекітілді, ал жас футболшыларды қаралымға Google формасы арқылы шақырған. бұл елде бұрын-соңды болмаған қадам еді.
Қайта құрылғаннан кейін команда тез қарқын алды:
"Елімайдың” соңғы үш жылдағы өрлеуі — нағыз футбол ертегісіндей. Халықтың қолдауымен қайта туған Семейлік клуб бүгінде тек өткеннің даңқын емес, жаңа буынның үмітін де арқалап отыр. Алда — Еуропа аренасындағы жаңа сынақтар мен үлкен мүмкіндіктер.
Біздің серіктес: FONBET