Тонеев "Волгарьге" кетуі мүмкін

03.12.2010, 21:29
"Тараздың" қорғаушысы Никола Тонеев жақын арада Ресей бірінші лигасына кетуі ықтимал. Астраханьның "Волгарь" командасына ауысуды ойлап жүрген македониялық қорғаушы өткен маусымда "Тараз" сапында 27 ойын өткізіп, 1 гол соққан. Мамандардың айтуынша қорғаныста сауатты ойнай білетін Никола шын мәнісінде "Тараз" қорғанысының бет келбетіне айнала білген. Алдағы уақытта футболшының келер маусымдағы болашағы анықталып қалуы тиіс.