Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Тони Кроос Еуропа Премьер-лигасын құру туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
«Осы жаңа идеялардың пайда болуымен біз ФИФА мен УЕФА-ның қуыршақтары болып көрінетін секілдіміз. Бұл жарыстар ойыншылардың бар күшін сорып, мүмкіндігінше көбірек ақша табу мақсатында жасалады. Белгілі бір турнирлер жақсы жұмыс істегенде, оны сол күйінде қалдырған дұрыс», - деп келтіреді Goal.com Кроостың сөздерін.
«Ливерпуль» мен «Манчестер Юнайтедті» қоса алғанда Англия, Германия, Испания, Италия және Францияның 10-нан астам клубы Еуропа Премьер-лигасы деп аталатын жарыс құру туралы келіссөздер жүргізіп жатқандығы туралы хабарланды. Ұйымдастырушылар турнирді ФИФА-ның қолдауымен 2022 жылы бастауды жоспарлап отыр. Оған 16-18 команда қатысады деп күтілуде.
Біздің серіктес: FONBET