Жарнама
Жарнама

Тони Сильва Са «Тараз» ойыншысы

17.02.2020, 20:32
Жарнама
Жарнама

Гвинея-Бисау құрамасының жартылай қорғаушысы Тони Брито Сильва Са «Тараз» футбол клубымен келісім-шартқа қол қойды.

Негізі Сильва бала күнінен Португалияда тұрады. Жас кезінде «Бенфика» сапында ойнаған. 2009 жылы Англияға қоныс аударып «Челси» мен «Ливерпульдің» жастар командасында ойнаған.
Сондан кейін «Ливерпульмен» келісім-шартқа қол қойғанымен негізгі командада доп теппеген. 2012 жылы «Норхэмптонға» жалға ауысқан. Сосын «Барнсли» мен «Дагенхэмде» доп тепті.
2013 жылы Болгарияның ЦСКА, Түркияның «Шанлыурфаспор», Португалияның "Униан Мадейра", Грекияның "Левадиакос", Оңтүстік Африканың "Мамелоди Сандаунз", Египеттің "Əл-Иттихад" пен Румынияның «Астра» ұжымының намысын қорғапты.
Португалия жастар құрамасында өнер көрсеткенімен кейіннен Гвинея-Бисау азаматтығын алды. 11 матчта 2 гол салған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров