«Тұранның» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Тони Силва командадан кетеді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Ойыншыға шабуыл шебін күшейтуді жоспарлап отырған «Ақсу» клубы қызығушылық танытуда. Дегенмен, Силваның мансабын Еуропада жалғастыратын мүмкіндіктері де бар. Жақын арада ол өзінің болашағына қатысты шешім қабылдайтын болады.
Бұған дейін 28 жастағы ойыншы «Ливерпуль», «Барнсли» (Англия), ЦСКА (Болгария), «Левадиакос» (Грекия), «Тараз», «Тобыл» клубтарының намысын қорғаған. Өткен жылы Силва қостанайлық командамен бірге Қазақстан яемпион атанды.
Біздің серіктес: FONBET