Жамбылдық «Тараздың» легионер ойыншысы Instat сарапшыларының нұсқасы бойынша премьер лиганың екінші турының үздік ойыншысы атанды. Тони алаңдағы маңызды рөл атқарған ойыншылардың бірі болды. «Ордабасыға» қақпасына соғылған үш голға да өз үлесін қосты.
- Тони, жасыл алаңды сағынған шығарсың?
- Иә, расында айтарлықтай сағындым. Жақында командамен қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жаттығуды бастаймыз. Осы жағдайдың өзі қуантып отыр. Бірақ, не дегенімен ресми ойынға шығуды тағатсыздана күтудемін. Менің ойымша қазір барлық команда осындай сезімде.
- Қазақстан премьер лигасының деңгейін байқап үлгердің бе? Биыл командадан не күтеміз?
- Меніңше команда қазіргідей қарқынмен 7-8 орынға тұрақтауы мүмкін. Бәлкім одан да жоғары. Ең бастысы - бабымызды жоғалтпауымыз керек. "Қайрат", "Ордабысыға" қарсы өткізген ойындардағыдай кез-келген командаға өз ойынымызды көрсете білуіміз керек.
- Отандастарыңнан сенің ойыныңды тамашалайтындар бар ма?
- Әлбетте. Әсіресе үнемі моралдік тұрғыда қолдау білдіріп жүретін отбасым бар.
- Еліңде болып жатқан пандемияға байланысты жағдай алаңдатып отыр ма?
- Әрине, Португалияда болып жатқан жағдай мұндағыға қарағанда қиын. Сондықтан алаңдатпай қоймайды. Ең қиыны карантинге байланысты өмірге келген қызымды әлі көре алмадым. Жақын арада барлығы өз орнына келіп, жағдай жақсарады деген үміттемін.
Біздің серіктес: FONBET