Қостанайлық "Тобыл" Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турында қызылордалық "Қайсарды" қабылдады. "Тобыл Аренада" өткен кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды небәрі 2-минутта "Тобылдың" шабуылшысы Тони Сильва соқты. 26-минутта сары қағаз алған "Қайсардың" қорғаушысы Кларенс Битанг 74-минутта алаңнан қуылды.
11 ұпайы бар қостанайлық клуб қосымша көрсеткіштер бойынша "Астана" мен "Қайратқа" жол беріп, үшінші орында тұр. Ал "Қайсар" оныншы орында қала берді (4 ұпай).
Біздің серіктес: FONBET