Жарнама
Жарнама

Топ-клубқа ауысатын кез келді ме? Максим Самородов РПЛ-дегі ең қымбат 10 футболшының қатарына енді

17.05.2025, 14:55

Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы (CIES) қымбат футболшылардың жаңа тізімін түзіпті.

Максим Самородов
Жарнама
Жарнама

Рейтингте Қазақстан құрамасы мен «Ахматтың» жартылай қорғаушы Максим Самородов та бар. Ол Ресей чемпионатындағы ең қымбат ойыншылардың ішінде 9-орында; 

1. Луис Энрике – 29–40 млн еуро

2. Алексей Батраков – 22-31 млн еуро

3. Манфред Угальде – 19-26 млн еуро

4. Константин Тюкавин – 18-24 млн еуро

5. Матвей Кисляк – 15–22 млн еуро

6. Станислав Агкацев – 10-14 млн еуро

7. Илья Рожков – 8–10 млн еуро

8. Роналду дос Сантос – 5,5-7,1 млн еуро

9. Максим Самородов – 4,9-6,2 млн еуро

10. Игорь Дмитриев – 2,4-2,9 млн еуро

CIES Football Observatory — футболшылардың трансферлік құнын бағалаумен айналысатын сараптамалық орталық. Бағалау кезінде ойыншының жасы, алаңдағы позициясы, келісімшарт ұзақтығы, статистикасы және танымалдығы секілді бірнеше фактор есепке алынады.

Максим Самородов РПЛ-24/25-маусымында 22 ойында 5 гол мен 4 ассисттің авторы атанды. Сондай-ақ,  Ресей Кубогіндегі 6 матчта екі рет мергендік танытқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров