Жарнама
Жарнама

Төреші "Шахтерді" жығып берді

18.07.2012, 19:30
Жарнама
Жарнама

Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын түзде өткізген Қарағандының "Шахтері" 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Демек, өз алаңымызда есе қайтарып, келесі кезеңге жолдама алуға мүмкіндік бар.

«Слован» (Либерец, Чехия) — «Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) 1:0 Гол: Гадашчок 23 (1:0) Ескертулер: Ваха, 65 — Байжанов, 8. Василевич, 40. Джидич, 60. «Слован»: Бичик, Келич, Кушнир, Ваха, Босанчич, Яну, Фляйшман, Незмар, Блажек (Шурал, 60), Гадашчок (Делардж, 78), Штайнер Резерв: Гаузр, Морозенко, Люлька, Тот, Бутенин «Шахтер»: Мокин, Васильевич, Порываев, Джидич, Вичюс (Каньяс, 66), Көкеев (Вишняков, 78), Байжанов (Тарасов, 75), Арсенджевич, Киров, Финонченко, Гридин Резерв: Григоренко, Борантаев, Махамбетов, Боровский Бас төреші: Алексей Еськов (Ресей) Қапталдағы төрешілер: Тихон Калугин, Вячеслав Семенов (екеуі де - Ресей)  

«Слован» — «Шахтер» статистикасы

20

Қақпаға соққы

7
6

Қақпаға тура соққы

2
24

Тәртіп бұзу

20
2

Сары қағаз

3
7

Бұрыштама соққысы

5
56%

Доп иелігі

44%
Чехия Либерец қаласында ойнағандарымен жерлестеріміз алаң иелерімен терезесі тең жағдайда өнер көрсетті. Тіпті, кейбір аспектілер бойынша "Слован" футболшыларынан басым түсіп жатты. Қарсылас қақпасына екі гол соқтық. Екеуін де төреші есепке алмады. Иә, келісеміз, бірінші гол офсайдтан соғылған. Бірақ екінші голда санамауға құқығы жоқ еді. Финонченко соққан гол таза болды. Өкінішке қарай, сырттай тамашалап отырған біз үшін ресейлік төреші Алексей Еськовтың бүйрегі алаң иелеріне бұрып тұрғандай көрінді. Тіпті, Василевичке қызыл қағаз көрсетіп, артынша шешімін өзгерте қоюы да бұл төрешінің қаншалықты білікті екендігінен хабар берсе керек. Рас, "Шахтерда" гол соғатын бірнеше мүмкіндіктер болған. Алайда жерлестерімізге соңғы сәттерде аздап дәлдік жетпей жатты. Бірақ, бұл олқылықтың орнын толтыруға да мүмкіндік болады. Шілденің 24-інде сағат 18:00-де Қарағандыда өтетін жауапты кездесуде жерлестеріміз өз мүмкіндіктерін мүлт жібермейді деп үміттенеміз. алаш арена
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров