“Астана” ФК спорт директоры Игорь Павлюк пен “Тобыл” ФК қожайыны Әлімжан Қалдияр ҚФФ этика кеңесінің шешімі бойынша жазаға тартылмақ.
“Ақтөбе” мен “Астана” арасындағы кездесуден кейін ойын төрешісіне сын айтып, оның қызметіне шүбә келтірген Игорь Павлюк “Астана” командасына 1000 АЕК айыппұл арқалатты. Клуб 2024 жылдың 17 маусымына дейін айыппұлды төлемесе, онда ұжым ұпайынан қағылып, төменгі лигаға түсіп кетеді.
“Тобыл” қатысқан ойындардағы төрешілерге өз айтарын айтып қалған Әлімжан Қалдиярға ҚФФ төрешілер корпусы 300 АЕК айыппұл салды. Онымен қоса, Әлімжан Даниярұлының қостанайлық клуб ойнайтын стадиондарға бір жылға дейін кіргізбеу туралы заң қабылданбақ. Қалдияр айыппұлды 2024 жылдың 17 маусымына дейін төлеп бітуі тиіс. Олай болмаған жағдайда жаза күрделенбек. Ақыр аяғы кәсіпкер футболдан біржолата алыстауға мәжбүр болады.
Біздің серіктес: FONBET