Жарнама
Жарнама

Төрлет, АПЛ! Жаңа маусымның алғашқы үлкен ойыны

08.08.2015, 20:20
Жарнама
Жарнама
Бүгін Ағылшын Премьер-Лигасының жаңа маусымы бастау алмақ.   Жаздың соңғы айының алғашқы аптасынан бастап-ақ кейбір Еуропа чемпионаттары маусымаралық үзілістен кейін жасыл алаң мен көгілдір экранға қайта орала бастайды. Бүгін, 8-ші тамыз күні  Ағылшын чемпионаты жанкүйерлерді тартысты футболымен қуантуды бастайды. 2015/2016 маусымның бірінші турының бірінші ойынында бізді үлкен текетірес күтіп тұр. "Манчестер Юнайтед" "Тоттенхэмға" қарсы. Манкуниандықтар биыл да трансфер базарында белсенділік танытты. Өткен маусымда Ван Галдың үмітін ақтамаған Ди Марияны Парижге жіберумен қатар, клуб басшылығы бес ойыншыны қатарға қосты: Серхио Ромеро, Мемфиса Депай, Маттео Дармиан, Моргана Шнайдерлин және Бастиана Швайнштайгер. Бұлардың кем дегенде екі-үшеуі бүгін негізгі құрамнан орын алып қалуы мүмкін. Аргентина ұлттық құрамасының қақпашысы Ромероны нидерландық бапкер Де Хеаның орнына шығаруы әбден мүмкін. Испандық қақпашының бар ойы-Мадрид болса керек. Сондықтан да, жолдастық кездесулерде жиі-жиі қателесті. Ал, Маруан Феллайнидің алаңға шықпайтының ескерсек, Кэррикпен жұпты Шнайдерлен немесе Швайнштайгер құрап қалар. Оң қанатты Дармианға жолдастық кездесулерде сеніп тапсырған еді. Лондондық командаға келер болсақ, басшылық негізгі футболшыларын сақтап қала алды. Соның өзі жетістік. Дегенмен, "қызыл сойқандар" тарапынан Харри Кейн мен Уго Льориске байланысты ұсыныстар жиі-жиі келіп жүр дейді, батыстың ақпарат көздеріне сенсек. Ал, сатып алған ойыншылардың ішінен атауға тұрарлығы Бельгия мемлекетінің тумасы Тоби Алдервейрелд. Жолдастық кездесулерге қарап, қос командананың жағдайын бағалау өте қиын. Ван Гал шәкірттері Еуропадағы бірнеше клубтардан басым түссе, "Тоттенхэм" Мюнхенде "Audi CUP" деп аталатын кішігірім турнирге қатысты. «МЮ» (4-2-3-1):Ромеро, Шоу, Блинд, Смоллинг, Дармиан-Шнайдерлин, Каррик, Янг, Мата-Депай, Руни. «Тоттенхэм» (4-2-3-1):Льорис, Роуз, Вертонген, Алдервейрелд, Уолкер-Бенталеб,Дайер, Дембеле, Шадли, Эриксен,-Кейн.
"Олд Траффордта" өтетін "Манчестер Юнайтед" пен "Тоттенхэм" арасындағы ойынды KazSport телеарнасынан тікелей эфирде Астана уақыты бойынша 17:45-те тамашалай аласыздар.
Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров