Грузиялық «Торпедоны» жаттықтыратын неміс маманы Дирк Шустер Конференциялар Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Ордабасымен» болатын ойын жайлы пікірін айтты.
«Команданың дайындығына көңілім толды. Шабуыл шебі мен қорғаныс тұрғысында біраз ілгері бастық және қарымта кездесу алдында басымдыққа ие бола аламыз. Бұл үшін сондай-ақ біздің жанкүйерлеріміздің де қолдауы керек», - деді Д. Шустер клубтың баспасөз-қызметіне.
Командалардың бірінші кездесуі бүгін Кутаиси қаласында өтеді. Ал жауапты матч 17-шілдеде Шымкентте болады.
Біздің серіктес: FONBET