Конференция Лигасының 1 іріктеу кезеңі аясында шымкенттік “Ордабасы” командасы алаң иелері грузиялық “Торпедо” Кутаисимен 2:2 есебімен тең ойнауда.
“Рамаз Шенгелия” атындағы стадионында өтіп жатқан ойынның алғашқы голы 30 минутта соғылды. Алаң иелері клуб сұрмергені Бьорн Йонсеннің көмегімен есепте алға шықты. Алайда гүржілердің қуанышы ұзаққа созылмады. Арада 2 минут өткен соң, румын Михай Кэпэцынэ алыстан жойқын соққы жасап, есепті теңестірді. Бұнымен “Ордабасы” тоқтап қалмады. Матчтың 35 минутына қарай Шымкент ұжымының шабуылын бастап берген Юрий Вакулко командаласы Лука Имнадзеге қолмен қойғандай пас шығарып берді. Соның нәтижесінде легионер допты қақпа торында тулатты. Бірақ Андрей Мартин шәкірттері үзіліске дейін жеңісті есепті сақтап тұра алмады. Кезекті стандарт жағдайында “Торпедо” гол соғып, есепті 2:2 қылды.
Айта кетейік, бүгінгі ойында Лука Имнадзе мен Михай Кэпэцынэ “Ордабасы” сапындағы алғашқы голдарын өз аттарына жазды.
Біздің серіктес: FONBET