Шымкенттік “Ордабасы” командасына “Торпедо” Кутаиси тансық емес ұжым. Бұл командалар осыдан 6 жыл бұрын бір-бірімен кездескен.
Естеріңізде болса, “Ордабасы” грузиялық ұжыммен 2019 жылы Еуропа Лигасының 1 іріктеу кезеңінде жолықты.
Қос команда арасындағы алғашқы матч 11 шілде күні өтті. Қарымта матч 7 күннен кейін ойнатылды.
🇰🇿 “Ордабасы” - 🇬🇪 “Торпедо” Кутаиси - 1:0
⚽️ Гол: Темірлан Ерланов 67’
🇬🇪 “Торпедо” Кутаиси - 🇰🇿 “Ордабасы” - 0:2
⚽️ Голдар: Мирзад Механович 81’, Зиги Бадибанга 90+4’
Қос кездесу қорытындысы бойынша “Ордабасы” “Торпедодан” 3:1 есебімен басым түскенімен, келесі турда команда чехиялық “Млада-Болеславтан” айласын асыра алмады (4:3).
Біздің серіктес: FONBET