Шымкенттік “Ордабасы” 10 шілде күні Конференция Лигасы аясында "Торпедо" Кутаисиде қонақта болады. Осыған орай, Aladop.kz порталы грузиялық клубтың құрамындағы нәтижелі шабуылшы Бьорн Йонсен жайында ақпаратты назарларыңызға ұсынады.
Норвегия және АҚШ азаматтығы бар Бьорн Йонсен кәсіби футболшы ретінде жолын 2010/11 жылғы маусымда “Тенсберг” сапында бастады. Бір жылдан кейін шабуылшы испаниялық “Балеареспен” келісім шартқа отырды. Бірақ Бьорн бұл жақта ұзақ тұрақтай алмады. Өзің толықтай көрсете алмаған футболшы келісім шарты бұзылған соң, жарты жыл клубсыз отырып қалды. Содан кейін барып, Йонсенге Португалиядан ұсыныс келді. 2013/14 және 2014/15 жылғы маусымды Бьорн “Лоулетано” мен “Атлетико” аталатын командада доп тепті. Бір қызығы, қос ұжым сол кезде жабылып, ойыншыларын таратып жіберген. Солардың арасында Йонсенде бар болатын. Шабуылшы осыдан соң, өз бақытын болгариялық “Литекс” командасынан іздемекке бел буады. Тәуекел Бьорнның қабылдаған шешімінің дұрыс екеніне көзін жеткізеді. Ловеч ұжымында өткізген 40 ойында 15 гол соққан шабуылшы келесі маусымда шотландиялық “Хартс” ұжымына қосылды. Йонсен бұнымен тоқтап қалмады. Норвег жаңа командасында барын салып, үздік сұрмергендер қатарынан табылып, Эредивизияда өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Нидерланды елінде ол “Ден Хаг”, АЗ Алкмаар, ұжымдарының барлығын қоса есептегенде, 61 ойын өткізіп, 26 гол соқты. Келер жылдары Бьорн көп футболшының мансап аяқтайтын бағыттарын бетке алды. Ол корейлік “Ульсан”, “Сеул” және канадалық “Монреальдың” бір мүшесі болып қайтты. Тек өткен жылдан бері қайтадан Еуропаға қайтып, Торпедоның бір маусымында 23 гол соғвп тастады. Соның арқасында Бьорн лиганың үздік сұрмергені атағына лайық деп танылды. Футболшының осы маусымдағы нәтижесі де жаман емес. Шабуылшы “Торпедода” өткізген 18 кездесуінде 7 гол соққан. “Ордабасы” командасына алдағы ойында осы футболшыдан сақ болу керек. Бьорн нағыз шабуылшы сияқты өте бойшаң, командаластарының пасына жақсы ашыла алады. Онымен қоса, “Торпедо” бапкері Дирк Шустер командаға тағы бір шабуылшы Комнен Андричті шақыртты. Хорват Бьорн секілді қос орталық шабуылшы тактикасында өнер көрсете алады.
Біздің серіктес: FONBET