Марокко елі 2030 жылы өтетін Әлем чемпионатына дайындықты бүгіннен бастайды.
Төрткүл дүние көз тікке дүбірлі доданы өткізуге ұсыныс тастаған ел бүгінде көшеде қаңғып жүрген иттерді жаппай қырып салуда екен. Арнайы бөлімшелер адамның досы саналатын жануарларды тамаққа у қосу арқылы өлтіріп жатыр. Ал бұл жайт төрт-аяқтылардың мүддесін қорғайтын ұйымдардың ашуын туғызуда. Олар ФИФА-ға осы жағдай жайында арыз жазыпты.
Жалпы Марокко билігі 2030 жылға дейін 3 млн ит тұқымдасын жойып жіберуді жоспарлапты.
Айта кетейік, 2030 жылғы мундиальды Мароккодан бөлек, Аргентина, Парагвай, Уругвай, Испания және Португалия қабылдайды. Осылайша Әлем чемпионаты тарихында алғаш рет үш құрлықтың мемлекеттері басты доданы бірлесіп ұйымдастырады.
Біздің серіктес: FONBET