Жарнама
Жарнама

Төрт дүркін Қазақстан чемпионы ҚПЛ-ге қайта оралмақ

29.07.2020, 15:55
Бұған дейін оның 2016 жылғы Либертадорес кубогының иегері құрамына ауысуы сәтсіз болған еді.
Жарнама
Жарнама

«Ертіс», «Ордабасы», «Астана» және «Шахтер» клубтарының бұрынғы жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс «Таразбен» келіссөз жүргізуде, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

30 жастағы колумбиялық 2019 жылдың шілдесінен бері клубсыз қалды. Оның соңғы командасы - «Ертіс», бұл клубта Рохер 15 матчта үш гол соғып, үш рет голддық пас берді. Павлодардан кеткеннен кейін Каньяс өзінің туған Колумбиясында клуб табуға тырысты.

Ол 2016 жылы Либертадорес кубогын (Чемпиондар лигасының аналогы) жеңіп алған «Атлетико Насьоналмен» жаттығып, бірақ медициналық тексеруден өте алмады - ойыншының бір ғана бүйрегі бар екені белгілі болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров