Алматылық "Қайраттың" биылғы маусымдағы Чемпиондар лигасы ойынында көрермендер саны соңғы жылдардағы ең төмен деңгейге түсті.
Ресми мәліметке сәйкес, "Қайрат" пен Кипрдің "Пафосы” арасындағы кездесуді Алматының Орталық стадионында 16 478 жанкүйер тамашалаған. Бұл көрсеткіш соңғы төрт жылдағы ең төмен нәтиже болып тіркелді.
Соңғы рет Алматы аренасында Еурокубок ойынына бұдан аз адам 2021 жылы, жиналған, бұл пандемияның әсерінен еді.
Ол кезде "Қайраттың” Чемпиондар лигасы мен Конференция лигасындағы кездесулерінде көрермен саны 2 600 бен 8 000 аралығында болған.
Біздің серіктес: FONBET