Ермұхамед МӘУЛЕН
Роналду немесе Испания
Алдымен бүгін түнде ойналатын жартылай финалдық кездесу Португалия – Испания матчына тоқталсақ. Португалия дегенде жанкүйер қауымның аузына ең алдымен Криштиану Роналду түсетіні түсінікті. Әлемнің үздік ойыншысы атағын биыл алғысы келіп жүрген португалиялық шабуылшының осы Еуро додасында өзін толықтай көрсетіп қалудың реті туып отырған сыңайлы. Топ ішіндегі соңғы ойында ұлттық құрамасын екі гол соғып жеңіске жетелеген Роналду, ширек финалда Чехия қақпасына соғылған жеңісті голдың да авторы атанды. Бірақ, Криштиануды ұнатпайтын да жанкүйерлер жетіп артылады. Қазақстанда «Барселонаның» жанкүйерлері бұл ойыншыны жақтырмайды десек қателеспейміз. Ал, күллі әлемде олардың саны қаншама?! Егер бүгін түнде ойналатын кездесуде Криштиану тағы да командасын алға сүйреп, финалға шығарса онда Испаниядағы жанкүйерлердің дені Роналдуды жерден алып, жерге салуға дайын болады. Мадридтік «Реалдың» негізгі бақталасы «Барселона» ойыншыларының көбісі осы ойында жалғыз Криштиануға қарсы тұруды көздейтін болады. Ал Мессидің жанкүйерлері бүгін сондықтан да әлбетте Испанияға болысатыны сөзсіз.Футболдағы фашизм
Германия мен Италиядағы футболдың қалай дамығаны жайлы біраз дүниелерді ақтарып көрсеңіз қызықты жайтқа тап боласыз. Екі команда да кезінде диктатор ел басқарып тұрған шақта ғана дені дұрыс доп тебе бастаған. Бір сөзбен айтқанда фашисттік қалыпты ұстанған екі мемлекет өткен ғасырдың отызыншы жылдарында-ақ футболға фашизмді араластырған. Міне, содан кейін Италия әлемнің төрт дүркін, Германия үш дүркін чемпионы атанған. Темір тәртіпке бағынып, ұлттық намыс сынға түсетін сәтте тайқып қалмай, қолдан келгеннің бәрін жасау бұл осы екі ұжымның бүгінгі күні көрсетіп жүрген футболдарына тән ортақ қасиеттер. Сондықтан да, бұл теке тіресте анық фаворитті айту қиын. Дегенмен де, букмекерлік кеңселердің берген бағасына сенетін болсақ, Германия финалға бір табан жақын екен. Жалпы, ең әділ де, дәл бағасын санмен өлшеп беретін букмекерлердің ойынша ақтық сында Германияға Испания құрамасы қарсылас атануы әбден ықтимал.Пікірлер
Ал «Манчестер Сити» командасының бас бапкері Роберто Манчини финалда Португалия мен Италия құрамалары ойнайды деп ойлайды екен. «Осы жақында ғана Чемпиондар лигасында ақтық сынға «Барса» мен Реал» шығады деп болжам айтылған еді. Бірақ, ең қызығы екеуі де жартылай финалда ұтылып қалды. Менің ойымша Еурода осындай жағдай қайталануы әбден ықтимал», - деп өз пікірін айтыпты бас бапкер. Ғаламтор бетінде жүрген мәлімдемелердің ішінен Италия құрамасының ойыншысы Маркизионың айтқанын еске түсіре кетейік. «Ағылшындармен өткен ойында пенальти тебетіндер қатарында мен де болдым. Ойын барысында біз қатты шаршадық. Соның салдары болса керек, ойын соңындағы пенальтиге шығарда аяғым тартылып, қалтырап кетті. Сондықтан бас бапкерге айтып пенальти тебуден бас тарттым», - депті. Мінекей, Еуро кезінде аяқ қалтырап, ес кетіп жатқан шақтарда орын алуда. Германия құрама командасының жартылай қорғаушсы Месут Өзіл осы Еуроның ең үздік ойыншысы ретінде Италия құрамасының жартылай қорғаушысы Андреа Пирлоны айтатынын жеткізді. «Оның ойынына қарап өзімді дәл солай ойнасам деп армандаймын. Италия құрамасын алға сүйреп келген Пирло деп сенімді түрде айта аламын. Ал оның Англия құрамасына соққан пенальтиі оны тіпті, әлемдік деңгейдегі мықты аяқдопшы екендігін дәлелдеді», - деді бундес команданың ойыншысы. Осы Еуропа біріншілігінің үздік ойыншысын УЕФА ақтық ойын аяқталысымен анықтайтын болады.
Жартылай финалдар |
|||
27.06 | 22:45 | Португалия - Испания | Донецк |
28.06 | 22:45 | Германия - Италия | Варшава |
Ширек финалдар |
|||
21.06 | 22:45 | Чехия - Португалия - 0:1 | Варшава |
22.06 | 22:45 | Германия - Греция - 4:2 | Гданьск |
23.06 | 22:45 | Испания - Франция - 2:0 | Донецк |
24.06 | 22:45 | Англия - Италия - 0:0 (пен. 2:4) | Киев |
Біздің серіктес: FONBET