Жарнама
Жарнама

Төртінші тур төңірегінде

09.04.2016, 04:52
Жарнама
Жарнама
максҚазақстан премьер-лигасының 4-ші тур ойындары ертең, 9-шы сәуір күні өтеді. Әдеттегідей ел клубтары өздерінің чемпионат басындағы қиын жағдайларын бастан өткеруде. Әр команданың өзіндік ақауы бар. Сондықтан да, командалар осы турға қандай жағдаймен келіп отыр? «Ордабасы» - «Тобыл» Бұл ойын турдың негізгі кездесуіне баланып отыр. Сырт алаңда «Жетісуды» жеңгеннен кейін шымкенттіктер өз алаңында «Тобылды» да ұтуға тырысады. Алайда, қостанайлық ұжым соңғы турдағы ойынымен біраз жанкүйерлерді таң қалдырды. Дмитрий Огай командасы қауқарлы ұжымға айналып келе жатқандай. Демек, алғашқы алтылыққа ену деген негізгі мақсатты қостанайлықтар орындау үшін қолдан келгеннің барлығын салатын секілді. «Ордабасы» сапында бұл ойынға Еркебұлан Тұңғышбаев шықпайды. Талдықорғандағы кездесуде бұл футболшы қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған болатын. Әрине де, бұл жас ойыншының орнын жоқтатпайтын футболшы «Ордабасы» сапында баршылық. Осы кезге дейінгі нәтижелерді саралай отырсақ, сәл де болса алаң иелерінің басымдылығы болғанымен ойын тең аяқталатындай болып көрінеді де тұрады. «Шахтер» - «Ертіс» Иозеф Вукушичтің командасы біріншілікті жақсы ойынымен бастағанымен керекті нәтижелеріне қол жеткізе алмай келеді. «Кеншілерде» осы қазір небәрі 1 ғана ұпай. Ал «Ертіс» болса қарсылас біткеннің барлығын қоғадай жапырып жеп келеді. Қос команда турнирлік кестенің екі басында тұр. «Ертіс» көш басында, «Шахтер» топ түбінде. Алайда, қорғанысты мықтап ұстайтын қарағандылықтар «Ертістің» арынын тоқтатуы ықтимал. Әр тур сайын голды қарша боратып жүрген керекуліктердің шабуыл өтін тұсаулауға шамалары жетер ме екен? «Ертіс» бұл ойында да гол соғары анық. Демек, кеншілерге тең нәтиже жаман болмас еді. Бірақ, фаворит «Ертіс» осы қарқынынан танбауға тырысады. Сонымен қатар, 3 ойын бойы қатарынан өз қақпасына гол жібермеген 2 команда бар. Ол – «Ертіс» пен «Тобыл». Қақпашы Давид Лория да шамасы Буффонның жақында ғана тіркеген ерлігін қайталағысы келіп жүрген де шығар. «Ақжайық» - «Оқжетпес» «Ақжайық» өткен турда алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Өз алаңында алматының «Қайратын» жеңді. Осы ойыннан кейін Бородюк те қызметінен кетті. Талғат Маруанұлының командасы енді оянған секілді. Жігіттердің өз күштеріне деген сенімі пайда болып, гол да соға бастады. Әйтпесе, алғашқы екі турда қарсылас қақпасына гол да соға алмаған болатын. Бұл жолы қонаққа Көкшетау қаласының «Оқжетпес» командасы келіп отыр. Байсуфинов пен Мұқанов бапкерлердің теке тіресі тағы да орын алмақ. Екі команданың да қазіргі эмоционалды жағдайы жақсы. Жеңістен кейін нақ бір алға ұмтылып, желпінеді. Екі команда да бір-біріне гол соғады деген болжам да айтуға болады. Одан кейін ойға әлбетте тең нәтиже түсе кетпек. «Астана» - «Тараз» 100 пайыздық нәтижемен келе жатқан екі команданың бірі елордалық «Астана». Өз алаңында «Таразды» жеңетініне өте сенімді. Бұл елордалықтар үшін кері әсерін беруі ықтимал. Алайда Станимир Стойлов футболшыларды ешқандай да босаңсытпайтын тамаша қасиеті бар. Сондықтан да, бірауыздан жеңісті «Астанаға» беріп отырмыз. «Оқжетпеске» қарсы ойында ала«Оқжетпеске» қарсы ойында алаңға шықпаған қорғаушы Олег Недошковский алаңға шығады. Және өз алаңындағы ойында өз-өзін көрсете білген Мәлік Мане де «Астана-Аренада» алаңға шығады деп күтеміз. Дегенмен, әулиеаталықтардың «Астананы» жеңетін шамасы аз. «Атырау» - «Қайрат» Су жаңа бас бапкер келе салып аса қатты ештеңе өзгертпесі анық. Осыған дейінгі қойылған ойынмен шыға салады. Грузиялық Кахобер Цхададзе өзінің ұлттық құрамасын баптаған шақта қарымта шабуылдарға көп иек артатын. Бұл жолы да бәлкім өзінің сүйікті мәнерінен бастайтын шығар. Алайда, командаға жаңадан бапкерлер келген кезде футболшылардың барлығы алаңда жалындап жанатынын да білесіздер. Өздерін толықтай жақсы қырынан көрсетіп, бапкер назарына іліну үшін алматылық футболшылар «Мұнайшы» стадионында өздерін жұлып-жейтіні анық. Екеуі де жеңіске жетіп көрмеген командалар. Сондықтан да тең нәтиже тіркелсе таң қалмаймыз. «Ақтөбе» - «Жетісу» «Ақтөбе» үшін жергілікті жанкүйердің алдында жеңіске жету мүмкіндігі туындаған секілді. Команда ішілік түрлі жағдайларды шетке ысыра тұрып, футболшылар фанаттарды аяса аянбай тер төгулері тиіс. Командада негізгі шабуылшыға айналған Тоқтар Жаңғылышбайдан да прогресс күтеміз. Өткен жылы қола жүлде алған команда биыл алғашқы алтылыққа ене алмаса жанкүйерлерге ауыр тигелі тұр. Ал «Ақтөбенің» жанкүйерлері өздеріңіз білетіндей өте талапшыл келеді. Бұл жағдайды бапкер де футболшылар да жақсы түсінуі тиіс. Ермұхамед МӘУЛЕН    
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
2-тур. "Ертіс" алға шықты
Келесі жаңалық
Әке жолын қудың ба?