«Тоттенхэм» «Аталанта» қорғаушысын сатып алады

04.08.2021, 02:13
Қос клуб нақты бір мәмілеге келген екен.

Аргентина құрамасының қорғаушысы Кристиан Ромеро "Тоттенхэмге" ауысады. "Аталанта" лондондық клубтың ресми ұсынысын қабылдады, деп хабарлайды италиялық журналист Фабрицио Романо.

Дереккөздің хабарлауынша, "Барселона" ойыншыға қызығушылық танытқанымен, ұсыныс жасамаған. Ал Ромеро "Тоттенхэммен" 2026 жылдың маусым айына дейін есептелген келісім-шартқа қол қояды.

"Аталанта" Ромероның орнын басатын ойыншыны тауып қойды. Бергамолық клуб "Ювентус" қорғаушысы Мерих Демиралды сатып алу мүмкіндігімен [трансфер құны 30 миллион еуроны құрайды] жалға алмақшы.