Жарнама
Жарнама

«Тоттенхэм» «Барселона» қорғаушысын жалға алды

09.07.2022, 17:44
Француз футболшысы Хавидің жоспарына енбей қалды.
Жарнама
Жарнама

«Тоттенхэм» ресми сайтында франциялық қорғаушы Клеман Ланглені бір жылға жалдау шарты бойынша алғанын хабарлады.

4 жыл бұрын «Барселона» Ланглені «Севильядан» 36 миллион еуроға сатып алған болатын. Каталониялық клуб жейдесінде орталық қорғаушы 158 кездесу өткізіп, 7 гол соқты. Француз футболшысы «Барселонаның» бас бапкері Хави Эрнандестің жоспарына кірмегендіктен, командасын ауыстыруға мәжбүр болды.

Лангленің Форстер, Перишич, Биссума және Ришарлисоннан кейін «Тоттенхэмге» қосылған бесінші жаңа ойыншы екенін айта кетейік.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров