Жарнама
Жарнама

«Тоттенхэм» бас бапкерін қызметінен босатты

01.11.2021, 23:42
Оның орнын басатын бапкердің есімі де белгілі болды.
Жарнама
Жарнама

«Тоттенхэм» клубы португалиялық маман Нуну Эшпириту Сантудың бас бапкер қызметінен босатылғанын хабарлады.

«Мен Нуну мен оның жаттықтырушылар штабының жетістікке жеткісі келгенін білемін. Өкінішке орай, осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық. Нуну - нағыз джентльмен. Оның осы жерде жұмыс істегеніне қуаныштымыз және оған алғыс айтқым келеді», - деді клубтың директоры Фабио Паратичи.

Еске салайық, «Тоттенхэм» Премьер-лиганың 10-турында «Манчестер Юнайтедтен» 0:3 есебімен жеңілген болатын. Осыдан кейін лондондық клубтың басшылары көп ойланбай, бас бапкермен қош айтысу туралы шешім шығарды.

Нуну Эшпириту Сантудың орнын басатын маман ретінде Антонио Конте қарастырылуда. Италиялық бапкер «Тоттенхэммен» келіссөздер жүргізу үшін бүгін Лондонға келеді деп күтілуде.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров