Жарнама
Жарнама

«Тоттенхэм» бразилиялық шабуылшымен келісім-шарт жасасты

02.07.2022, 00:03
Трансфер құны 50+10 миллион фунт стерлингті құрады.
Жарнама
Жарнама

Бразилиялық шабуылшы Ришарлисон ресми түрде «Тоттенхэм» ойыншысы атанды, деп хабарлайды лондондық клубтың баспасөз қызметі.

Трансфер құны 50+10 миллион фунт стерлингті құрады. Футболшыға лондондық «Челси» мен «Арсенал» да қызғушылық танытқан болатын.

25 жастағы ойыншы 2018 жылдың жазында «Уотфордтан» «Эвертонға» ауысып, сонда төрт жылын өткізді.

Ришарлисон «Эвертон» сапында 152 ойынға қатысып, 52 гол соқты. Ал Бразилия құрамасы үшін 36 ойында 14 мәрте мергендігімен көзге түсті.

Еске салайық, өткен маусымда «Эвертон» Премьер-лигада 16-шы орынды иеленіп, чемпионаттағы орнын әрең сақтап қалған еді. «Тоттенхэм» төртінші сатыға тұрақтап, Чемпиондар лигасына жолдама алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров