"Тоттенхэм" "Аталанта" мен Аргентина құрамасының қорғаушысы Кристиан Ромероны сатып алғысы келеді. Лондондық клуб 23 жастағы ойыншымен жеке келісім-шарт талаптары туралы бір мәмілеге келген, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо өзінің твиттер парақшасында.
Ромеро "Тоттенхэммен" 2026 жылға дейін келісім-шарт жасасуға дайын. Қазір "Тоттенхэм" бұл трансфер мәселесін клуб деңгейінде шешіп жатыр.
Кристиан Ромеро - туриндік "Ювентуске" тиесілі футболшы. "Аталантада" 2022 жылдың жазына дейін жалдау шарты бойынша ойнауда. 23 жастағы аргентиналықтың "Ювентуспен" келісім-шарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген. Өткен маусымда Ромеро А сериясының үздік сол қаптал қорғаушысы атанған еді.
Ромеро Аргентина құрамасында бес матч өткізіп, бір гол соқты. Осы жылы Америка Кубогін иеленіп, турнирдің символикалық құрамына енді.
Біздің серіктес: FONBET