Жарнама
Жарнама

«Тоттенхэм» малилік футболшымен толықты

18.06.2022, 02:54
Ол Антонио Конте командасына қосылған үшінші ойыншы болды.
Жарнама
Жарнама

«Брайтонның» жартылай қорғаушысы Ив Бисума мансабын «Тоттенхэмде» жалғастырады. 25 жастағы ойыншы лондондық клубпен 2026 жылға дейін жарамды келісім-шартқа отырды.

«Тоттенхэм» малилік жартылай қорғаушының трансфері үшін 29 миллион еуро төледі.

Биссума жартылай қорғаушы Иван Перишич пен қақпашы Фрейзер Форстерден кейін жазғы трансфер терезесінде Антонио Конте командасына қосылған үшінші ойыншы болды.

Өткен маусымда Биссума «Брайтон» сапында 28 матчқа қатысып, 2 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров