Англия Премьер-лигасының 4-туры матчында «Манчестер Юнайтед» «Тоттенхэмден» 1:6 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу Манчестердегі «Олд Траффорд» стадионында өтті. Матчқа Энтони Тэйлор бастаған төрешілер тобы қызмет етті, оған қапталдағы төрешілер Гэри Бесвик пен Адам Нанн көмектесті.
Есеп кездесудің басында ашылды - 2-минутта Бруно Фернандеш 11 метрлік айып добын сәтті орындады. Бір-екі минуттан кейін Тангай Н'Домбеле таразы басын теңестірді. 7-минутта Сон Хын Мин командасын алға шығарды, оған Харри Кейн көмектесті. 28-минутта Марсьялдың ойыннан шеттетілуіне байланысты "қызыл сойқандар" алаңда он ойыншымен қалды. Көп ұзамай «Манчестер Юнайтедтің» қақпасына тағы бір голды Сон Хын Мин соқты, ол Серж Орьенің пасынан кейін дубль жасады. Екінші таймның басында бесінші голды Пьер-Эмиль Хёйбьергтің пасынан кейін Орье соқты. 79-минутта Кейн пенальти сәтті орындап, ойынның нүктесін қойды.
Сенімді жеңістен кейін "Тоттенхэм" 7 ұпаймен турнирлік кестеді бесінші орынға көтерілді. Үш қана ұпайы бар "Манчестер Юнайтед" он алтыншы орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET