Жарнама
Жарнама

«Тоттенхэм» қорғаушымен қош айтысты

27.07.2020, 22:20
Англиядан кезекті бір мықты қорғаушы кетіп барады.
Жарнама
Жарнама

Бельгиялық қорғаушы Ян Вертонген «Тоттенхэм» клубынан кететінін мәлімдеді.

Футболшының клубпен келісімшарты аяқталып, оған еркін агент мәртебесі берілді. Осылайша, ол басқа клубқа тегін ауыса алады.

«Менің клубтағы уақытым аяқталуда. Бұл көптеген себептерге байланысты қайғылы күн. Мен осындай таңғажайып стадионда ойнайтын достарымды, қызметкерлерімді, әрине, жанкүйерлерді сағынамын», - деп жазды Вертонген өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Вертонгхен «Тоттенхэм Хотспурға» 2012 жылдың жазында «Аякс» командасынан келді. Трансферт құны 12,5 миллион еуроны құрады. Лондондық клубтың құрамында 33 жастағы бельгиялық қорғаушы барлық турнирлерде 315 матчқа қатысып, 27 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров