Жарнама
Жарнама

«Тоттенхэм» швециялық футболшыны қатарға қосты

30.01.2022, 21:46
Лондондық клуб «Ювентустің» тағы бір ойыншысын сатып алуы мүмкін.
Жарнама
Жарнама

«Тоттенхэм» «Ювентус» пен Швеция құрамасының жартылай қорғаушысы Деян Кулусевскимен келісім-шарт жасаспақ, деп хабарлайды италиялық журналист Фабрицио Романо.

Белгілі инсайдердің мәліметінше, алдағы бірнеше сағатта құжаттарға қол қойылады, лондондық клуб футболшыны жалға алғаны үшін 5 миллион еуро төлейді.

Деян «Тоттенхэммен» жеке келісім-шарт мәселесін шешіп қойды және міндетті сатып алу шарты іске қосылған жағдайда футболшы бес жылдық келісімге қол қоятын болады.

Одан бөлек, «Ювентус» пен «Тоттенхэм» Родриго Бентанкурдың (19 + 6 миллион еуро) трансферіне қатысты келіссөздер жүргізуде, ал «Ювентус» оның орнына Денис Закарияны алуды жоспарлап отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров