Жарнама
Жарнама

«Тоттенхэм» Вертонгеннің орнын басатын ойыншы сатып алды

30.08.2020, 20:57
АПЛ-де 15 гол соғып үлгерген екен
Жарнама
Жарнама

«Вулверхэмптон» клубының ирландиялық қорғаушысы Мэтт Доэрти мансабын «Тоттенхэмде» жалғастырады, деп хабарлады Лондондық клубтың ресми сайты.

Футболшы 2024 жылға дейін келісімшартқа отырған және «Тоттенхэм» сапында екінші нөмірмен ойнайды.

28 жастағы Доэрти 2010 жылдың шілдесінде Ирландияның "Богемиан" командасынан «Вулверхэмптонға» қосылды. Ол "қасқырлар" үшін барлық жарыстарда 300-ден астам матч өткізген. "Вулверхэмптон" Премьер-лигаға 2018 жылы оралғаннан бері ирландиялық барлық жарыстарда 95 ойын өткізіп, 15 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді. 2018 жылдан бастап Доэрти Ирландия құрамасына шақыртылып келеді. «Тоттенхэм» өткен маусымда алтыншы, «Вулверхэмптон» жетінші орын алған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров