Жарнама
Жарнама

«Тоттенхэм» «Ювентустың» екі ойыншысын қатарына қосты

01.02.2022, 14:37
Лондондық клуб 70 миллион еуроға шығындалды.
Жарнама
Жарнама

«Ювентус» өзінің ресми сайтында жартылай қорғаушы Родриго Бентанкур мен шабуылдаушы жартылай қорғаушы Деян Кулушевскидің «Тоттенхэм Хотспурға» ауысқанын хабарлады.

Бентанкурдың лондондықтармен келісім-шарты 2026 жылға дейін есептелген. Трансфер құны 19 + 6 миллион еуроны құрады.

Кулушевски «Тоттенхэмге» сатып алу мүмкіндігімен 18 айға жалға берілді. Жалдау құны 10 миллион еуро, ал трансфер сомасы 35 миллион еуроны құрамақ.

24 жастағы Бентанкур «Ювентусқа» 2017 жылы аргентиналық «Бока Хуниорс» клубынан 15,7 миллион еуроға ауысқан болатын. Осы маусымда уругвайлық футболшы А сериясында 19 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.

Кулушевски «Ювентусқа» 2020 жылы «Аталантадан» 35 миллион еуроға қосылды. 21 жастағы футболшы осы маусымда 27 ойын өткізіп, екі гол мен үш нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

«Тоттенхэмнің» жартылай қорғаушысы Деле Алли «Эвертонға» ауысса, аргентиналық жартылай қорғаушы Джовани Ло Чельсо маусымның қалған бөлігін «Вильярреал» сапында өткізеді. Сондай-ақ испаниялық жас шабуылшы Брайан Хиль «Валенсияға» жалға берілді. Ал француз футболшысы Танги Ндомбелені Лион жалға алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров