Жарнама
Жарнама

«Тоттенхэм» жаңа бапкер тағайындады

21.04.2021, 01:56
Мэйсонда трофей жеңіп алу мүмкіндігі бар.
Жарнама
Жарнама

"Тоттенхэм" өзінің ресми сайтында Райан Мэйсон осы маусымның соңына дейін команданың уақытша бас бапкері болатынын хабарлады.

«Тоттенхэмнің» бұрынғы футболшысына Крис Пауэлл, Найджел Гиббс және Ледли Кинг көмектеседі. Қақпашылар бапкері болып Михел Ворм тағайындалды.

«Біз команданың қазіргі құрамына сенеміз. Бізді Лига Кубогінің финалы және Премьер-лиганың алты ойыны күтіп тұр. Барлық күш-жігерімізді маусымның сәтті аяқталуына бағыттауымыз керек», - деді клуб президенті Даниэл Леви.

Бір күн бұрын, 19 сәуірде, Жозе Моуриньо «Тоттенхэмнің» бас бапкері қызметінен босатылған еді. Лондондық клуб соңғы бес матчта бір-ақ рет жеңіске жетті. Ал Еуропа Лигасының 1/8 финалында Загребтің «Динамосынан» ұтылып қалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров