"Вулверхэмптонның" бұрынғы жаттықтырушысы Нуну Эшпириту Санту "Тоттенхэм" клубының бас бапкері атанды. Лондондық клуб пен португалиялық маман арасындағы келісім-шарт 2023 жылға дейін жасалды.
"Бізде сапалы және талантты футболшылар бар. Біз жанкүйерлердің өз командасының ойынына қуанғанын және мақтан тұтқанын қалаймыз. "Тоттенхэмге" келгеніме өте қуаныштымын. Мен бақыттымын және командамен жұмыс істеуді асыға күтемін. Біз уақытты жоғалтпай, тез арада жұмысқа кірісуіміз керек", - деді Санту.
47 жастағы Эшпириту Санту 2017 жылдан бері "Вулверхэмптон" клубын жаттықтырған болатын. Бұған дейін португалиялық маман "Порту", "Валенсия" және "Рию Аве" командаларын баптаған.
Біздің серіктес: FONBET