Жарнама
Жарнама

“Тоттенхэмнің” бас бапкері Гарри Реднапп Лондон соты алдында жауап берді

25.01.2012, 04:47
Жарнама
Жарнама
Англия премьер лигасында бір жанжалдың шеті қылаң бергендей. “Тоттенхэмнің” бас бапкері Гарри Реднапп Лондон соты алдында жауап берді. 64 жасар маманмен бірге осы клубтың бұрынғы басшысы Милан Мандарич та салықтан жалтарды деген айып тағылып отыр. Ағылшын футболының қос шенеунігі екі бабы бойынша заң алдында жауап беруге тиіс. Тергеушілер анықтағанындай 2002-жылдың 1-сәуірі мен 2007-жылдың қарашасына дейін Реднапп міндетті салықтан бұлтарып, Монако банктерінің біріне 145 мың доллар аударған. Сондай-ақ оның  командадан түскен  жалпы табысқа да қол салғаны мүмкін деген  күдік бар.  Алайда Реднапп пен Мандарич өздерін заң алдында тазамыз  деп отыр. Істің ақ-қарасын екі аптадан кейін болатын сот шешімі анықтап бермек.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров