Трабзон қаласының командасын баптайтын Абдулла Авджи қысқы трансферлік ауысымда бірінші кезекте Максим Самородовты сатып аламыз деп құлшынып отыр.
Самородов Еуропа нарығында арзан және болашағынан үлкен үміт күттірер футболшылар қатарынан. Сондықтанда “Трабзонспор” қазақстандықты алдағы уақытта қымбатқа сату үшін сатып алатындығы анық.
Трансфермаркет Максимді 800 мың еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET