АҚШ-тың президенті Дональд Трамп футбол тарихындағы ең үздік ойыншы ретінде Бразилиялық Пелені атады.
"Көп жыл бұрын, мен жас кезімде, бұл жаққа Пеле есімді ойыншы шақырылды. Ол “Космос” клубында ойнады, ал менің Warner Communications-тағы досым Стив Росс осы істің бастамашысы болды. Стадион лық толы еді. Мен Пелені көруге келдім, бұл керемет әсер қалдырды. Бұл бейсболдағы Бейб Рутты атағанмен бірдей. Меніңше, Пеле шексіз ұлы ойыншы болған.” деді Трамп.
Пеле 1975–1977 жылдары Америкалық "Нью-Йорк Космос” клубында ойнап, кәсіби мансабын аяқтаған. Ол командамен бірге ұлттық чемпионатты жеңіп алған еді.
Футбол патшасы Пеле 2022 жылдың желтоқсанында 82 жасында дүниеден өтті.
Біздің серіктес: FONBET