Жарнама
Жарнама

Трансфер әлеміндегі соңғы жаңалықтар

27.12.2020, 03:51
Трансфер әлеміндегі соңғы жаңалықтардан хабардар болыңыз.
Жарнама
Жарнама

Назарларыңызға трансфер әлеміндегі соңғы жаңалықтарды ұсынамыз.

ПСЖ Эриксенді сатып алмақшы

Le Parisien хабарлауынша, ПСЖ “Интердің” 28 жасар жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксенді сатып алуға ниетті. Париждіктер ойыншы үшін 10 миллион еуро ұсынған, бірақ миландықтар 25 миллион еуро сұрап отыр. Transfermarkt порталында футболшының құны – 50 миллион еуро.

Тухель “Барселона” бас бапкері атануы мүмкін

Sky Sports сайтының мәлімдеуінше, жақын күндері ПСЖ-дан кететін Томас Тухель “Барселона” бапкері Роналд Куманды алмастыруы мүмкін. Бұл ауысымның орын алуы каталондықтардың алдағы ойындардағы нәтижесі мен клуб президентіне сайлаудың қорытындысына байланысты.

“Вольфсбург” Вегхорстты “Тоттенхэмге” сатуға дайын

Егер “Тоттенхэм” Ваут Вегхорст үшін 35 миллион еуро беруге дайын болса, “Вольфсбург” шабуылшыны сатуға әзір, деп хабарлайды Bild. Ваут Бундеслигада тоғыз гол соғып, бомбардирлер тізімінде үшінші орында келеді. Ал Transfermarkt порталы форвардты 30 миллион еуроға бағалауда.

Бенитес пен Жардим “Спартакты” баптауы мүмкін

Журналист Николо Шира Twitter парақшасында қытайлық “Дальян Про” бапкері Рафаэль Бенитес пен командасыз жүрген Леонарду Жардим “Спартактың” жаттықтырушысы болуға басты үміткерлер деп жазады. Мәскеуліктердің қазіргі бапкері Доменико Тедеско маусым соңында аяқталатын келісімшартты ұзартпайтынын мәлімдеген еді.

Эль-Шаарави “Ромаға” оралуға жақын

Қытайлық “Шанхай Шэньхуа” клубының шабулшысы Стефан Эль-Шаарави Италияға оралуға жақын, деп хабарлайды Calciomercato. 28 жасар аяқдопшыға А сериясының екі командасы қызығушылық танытуда. Олар “Рома” және “Фиорентина”. Стефан 2016-2019 жылдар аралығында “Рома” сапында өнер көрсеткен еді. Transfermarkt Эль-Шааравиді 8 миллион еуроға бағалауда.

Боян Кркич Еуропаға ат басын бұрмақ

L’Equipe сайтының хабарлауынша, “Барселона”, “Рома” һәм “Милан” сынды белді клубтардың бұрынғы шабуылшысы Боян Кркич франциялық клубқа ауысуы мүмкін. Канадалық “Монреаль Импэкт” клубындағы келісімшарты 31 желтоқсан күні аяқталады. Осыған орай Кркич франциялық бірнеше клубпен келіссөздер жүргізуде. 30 жасар форвардқа таластағы басты үміткер “Сент-Этьен” клубы болып тұр. Испаниялықтың Transfermarkt сайтындағы құны – 1 миллион еуро.

“Галатасарай” Фалькаоны сатуға ниетті

34 жасар колумбиялық Радамель Фалькаоның жиі жарақат алып, жылына 5 миллион еуро жалақы алатынына көңілдері толмаған стамбулдық клуб қысқы трансферлік терезеде Фалькаоны сатуға ниетті, деп хабарлайды Foot Mercato. Радамель ағымдағы маусымда Түркия чемпионатында алты ойынға қатысып, бес гол соғып, екі нәтижелі пас берген. Transfermarkt Фалькаоны 3,5 миллион еуроға бағалап отыр.

Марсело қыста “Реалдан” кетуі мүмкін

El Chiringuito мәлімдеуінше, Марселоның Рафаэль Варанмен сөзге келіспей қалуы және негізгі құрамдағы орнын Ферлан Мендиге беріп қоюы салдарынан қыста клубтан кетуі мүмкін. 2020/21 жылғы маусымда Марсело алты ойынға шығып, екі мәрте голдық пас берген. Transfermarkt порталындағы құны – 12 миллион еуро.





Жарнама
Жарнама

Новости партнеров