Жарнама
Жарнама

Трансфер әлеміндегі соңғы жаңалықтар

29.12.2020, 05:49
Трансфер әлеміндегі соңғы жаңалықтардан хабардар болыңыз.
Жарнама
Жарнама

Назарларыңызға трансфер әлеміндегі соңғы жаңалықтарды ұсынамыз.

Йович “Вулверхэмптонға” ауысуы мүмкін

Express&Star хабарлауынша, мадридтік “Реалдың” шабуылшысы Лука Йович “Вулверхэмптон” сапына қосылуы мүмкін. “Қасқырлар” Йовичті жарақат алған Рауль Хименестің орнына алуды жоспарлап отыр. Transfermarkt порталындағы 23 жасар форвардтың құны – 22 миллион еуро.

Наингголан “Кальяриге” оралуға ниетті

Журналист Николо Скираның мәлімдеуінше, 32 жасар “Интердің” жартылай қорғаушысы Раджа Наингголан миландықтар сапында ойын уақытының аз берілуі себепті “Кальяриге” ауысуды жөн санап отыр. 2010-2014 жылдар аралығында Раджа “Кальяри” сапында өнер көрсеткен еді. Transfermarkt ойыншыны 10 миллион еуроға бағалауда.

”Атлетико” Алонсоны жалға алмақшы

Лондондық “Челсидің” қорғаушысы Маркос Алонсо “Атлетикоға” ауысуы мүмкін, деп хабарлайды The Independent. Мадридтіктердің бас бапкері Диего Симеоне 30 жасар қорғаушыны жалға алып, өзін жақсы қырынан көрсетсе, сатып алуға ниетті. Transfermarkt порталындағы бағасы 13 миллион еуроны құрайды.

Украиналық шабуылшы “Ромаға” ауысуы мүмкін

La Gazzetta dello Sport ақпаратына сенсек, “Гент” пен Украина ұлттық құрамасының форварды Роман Яремчук мансабын Италияда жалғастыруы ғажап емес. “Рома” Карлес Пересті жалға берер болса, орнына Яремчукты алуды жоспарлауда. 25 жасар украиналық Transfermarkt порталында 11 миллион еуроға бағалануда.

“Наполи” қыста төрт ойыншысын сатады

“Наполи” президенті Аурелио де Лаурентис клубтың спорттық директоры Кристиан Джунтолиге қорғашуылар Фаузи Гулам мен Кевин Малькюиді және шабуылшылар Аркадиуш Милик пен Фернандо Льорентені қысқы трансферлік терезеде сатуға тапсырма берді, деп жазады Gazzetta dello Sport.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров