Жарнама
Жарнама

Трансфер әлеміндегі соңғы жаңалықтар. Калверт-Льюин “Манчестер Юнайтедке” ауысуы мүмкін

25.12.2020, 22:25
Трансфер әлеміндегі соңғы жаңалықтардан хабардар болыңыз.
Жарнама
Жарнама

Назарларңызға трансфер әлеміндегі соңғы жаңалықтарды ұсынамыз:

Калверт-Льюин “Манчестер Юнайтедке” ауысуы мүмкін

Express басылымының хабарлауынша, “қызыл сойқандар” дортмундтық “Боруссияның” норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холандты сатып ала алмаса, “Эвертонның” 23 жасар форварды Доминик Калверт-Льюинді сатып алу үшін тырысып көреді. Доминик барлық турнирлерде 17 ойын өткізіп, 14 мәрте қақпа торын тулатқан. Transfermarkt порталы футболшыны 45 миллион еуроға бағалап отыр.

“Эвертон” Ярмоленконы көздеп отыр

”Вест Хэмнің” украиналық шабуылшысы Андрей Ярмоленко қысқы трансферлік терезеде “Эвертонға” ауысуы ғажап емес, деп хабарлайды Transfermarktweb. Андрей ағымдағы маусымда он ойынға қатысып, екі гол соғып, үш рет нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталы ойыншының құнын 7,5 миллион еуроға бағалауда.

“Атлетико” “Арсенал” қорғаушысын жалға алмақшы

The Mail хабарлауынша, лондондық “Арсеналдың” 23 жасар қорғаушысы Эйнсли Мэйтленд-Найлсты мадридтік “Атлетико” қаңтар айында жалға алуды жоспарлап отыр. “Арсенал” мен Эйнсли арасындағы келісімшарт 2023 жылдың маусымына дейін жарамды. Ал Transfermarkt бойынша қорғаушының құны 18 миллион еуроны құрайды. Эйнсли “зеңбірекшілер” сапында барлық турнирлерде 17 ойын өткізіп, бір голдық пас берген.

Дженк Тосун “Эвертонда” қалады

FC Update мәлімдеуінше, жақын арада “Фейеноордқа” ауысуы мүмкін делінген Дженк Тосун ешқайда кетпейді. “Фейеноорд” бас бапкері Дик Адвокат түркиялық ойыншыны командаға қосудан бас тартқан. 29 жасар форвард бес матчқа қатысып, нәтижелілігімен көзге түспеген. Ал Transfermarkt аяқдопшыны 7 миллион еуроға бағалап отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров