Жарнама
Жарнама

“Трансфер құны тым арзан” – Сарапшы Сатпаевтың “Челсиге” ауысуына таңғалыс білдірді

Бүгін, 20:27

Сарапшы жас таланттың ойын өрнегіне талдау жасап, оның Лондондық "Челсиге" ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Sports.ru басылымының шолушысы Андрей Клещенок әлемдегі 18 жасқа дейінгі ең үздік 25 футболшының тізімін жасап, оған Aлматылық "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының 17 жасар шабуылшысы Дастан Сатпаевты қосты.

Сарапшы жас таланттың ойын өрнегіне талдау жасап, оның Лондондық "Челсиге” ауысуына қатысты пікір білдірді.

"Көше футболының соңғы елшісі"

Клещенок Дастан Сатпаевты қазіргі қалыпқа түскен футболдың емес, еркін стильдің өкілі ретінде сипаттайды. Оның айтуынша, Дастан — алаңда тек жаттықтырушының берген тар тапсырмасын орындаумен шектелмей, ойынды өз қолына ала алатын сирек таланттардың бірі.

"Сатпаев — өткен заманның футбол елшісі сияқты. Ол допты өз айып алаңынан қарсыластың қақпасына дейін жалғыз сүйреп апарудан тайынбайды, дриблингке үйір және 35 метрден соққы бағыттай алады. Ол — жалықтырғыш тактикалық рөлдердің шеңберіне сыймайтын, нағыз көше футболының рухын сақтаған ойыншы.” — дейді автор.

Мықты тұстары мен кемшіліктері

Сарапшы футболшының әлі де болса ізденуді қажет ететін тұстарын да атап өтті:

"Жас ерекшелігіне байланысты кейбір сәттерде тәжірибе жетіспейді. Ойын барысында темпті өзгерту жағы ақсап жатыр, көбіне бір қалыпты жылдамдықпен ойнайды."

Дегенмен, маман Дастанның жүйеге тәуелсіздігін басты артықшылық деп санайды. Оның жойқын соққысы кез келген қақпашыға қауіп төндіреді, ал доппен алға ұмтылу қабілеті оған позиция таңдамай-ақ нәтиже шығаруға мүмкіндік береді.

"Челси" үшін сәтті мәміле

Мақала соңында Клещенок Қазақстандық талантты Ағылшын алпауытының ерте сатып алғанын айта келе, трансфер бағасының тым төмен болғанына назар аударды.

"Мұндай таланты бар ойыншыны "Челси” әлдеқашан құрығына түсіріп қойған. Оның үстіне, оны таңғаларлықтай арзан бағаға сатып алды." — деп түйіндеді автор.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров