Жарнама
Жарнама

Трансферлік терезенің басты кейіпкері

Қол астындағы футболшылардың басым көпшілігі португалиялық ойыншылар
Жарнама
Жарнама

Танымал футбол агенті Жорже Мендеш осы трансферлік терезеде құнды сегіз мәміле жасады:

  1. Рубен Диаш, "Бенфика" - "Манчестер Сити" - 68 миллион еуро;
  2. Отаменди, "Манчестер Сити" - "Бенфика" - 15 миллион еуро;
  3. Хамес Родригес, "Реал Мадрид" - "Эвертон" - 22 миллион еуро;
  4. Мэтт Доэрти, "Вулверхэмптон" - "Тоттенхэм" - 15 миллион еуро;
  5. Диогу Жота, "Вулверхэмптон" - "Ливерпуль" - 43 миллион еуро;
  6. Нельсон Семеду, "Барселона" - "Вулверхэмптон" - 30 миллион еуро;
  7. Фабио Силва, "Порту" - "Вулверхэмптон" - 40 миллион еуро;
  8. Карлос Винисиус, "Бенфика" - "Тоттенхэм" 40 миллион еуроға сатып алу опциясымен жалға берілді.

Мендеш пен оның "Gestifute" агенттігі құны жүздеген миллион еуроны құрайтын келісімшарттарды жүзеге асырды және өзінің еңбегі үшін үлкен ақша алды. Әрбір трансфер туралы нақты мәліметтер жоқ, мысалы, "Порту" Фабио Силва (40 миллион) үшін агенттікке жалпы ақшаның төрттен бір бөлігі (10 миллион) төленгенін мәлімдеді.

Бір жыл бұрын Жоао Фелиш "Атлетико Мадридке" ауысқан еді. Трансфер сомасы 126 миллион еуроны құрады. Мендеш осы трансферден шамамен 30 миллион еуро пайда тапты.

Мендеш пен "Вулверхемптон" арасындағы байланыс - бұл бөлек тақырып. Қазір командада он португалиялық футболшы бар, оның жетеуі Мендештің клиенттері. Одан бөлек, клубтың бас бапкері Нуну Санту да Мендешпен бірге жұмыс істейді және клубтың трансферлік комитетінің мүшесі болып табылады.

Ағылшын футбол қауымдастығының ережелері бойынша агентке кез-келген клубтың 5% -дан астам акцияларына иелік етуге және оған қаржылық ықпал етуге тыйым салынады. Мендеш бұл ережелерді сақтамауда: бірақ барлығын заңды түрде жасауда.

2016 жылы Қытайлық Го Гуанчанның "Вулверхэмптонды" сатып алуына кеңес берген де Мендеш болды. Әрине, ол клубтың сол сәттен бастап болып жатқан көптеген процестеріне тікелей әсер етеді. Бірақ бірде-бір сот ісі мен тергеу ісі мұны дәлелдеген жоқ.

Forbes журналының мәліметі бойынша, 2019 жылы Мендес кіріс бойынша әлемдегі үшінші ірі спорт агенті болды. Біріншісі - Джонатан Барнетт (футбол агенті), екіншісі - Скотт Борас (бейсбол агенті). 2019 жылы Мендеш агенттігі 1,18 миллиард долларлық мәмілеге қол жеткізіп, 118 миллион доллар көлемінде комиссиялық сыйақы алды.

Қазір Мендештің қол астында 90-ға жуық футболшы мен 10 жаттықтырушы бар.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров