«Transfermarkt» порталы құрамы жөнінен ең қымбат клубтар тізімін жариялады

01.04.2024, 13:44

Бұл тізімде бірінші орынды «Манчестер сити» алды. АПЛ өкілінің футболшыларының жалпы құны - 1,2 миллиард еуроға тең екен. Бұл көрсеткіш бойынша екінші сатыға тағы бір англиялық клуб – «Арсенал» жайғасқан.

«Қалалықтар» құрамы 1,12 миллиард еуроға бағаланып отыр. Еуропада футболшыларының жалпы құны жағынан үздік үштікті Мадридтің «Реалы» түйіндеді. Корольдік клубтың барлық ойыншыларының ортақ бағасы - 1,04 миллиард еуроны құраған.   

4. "Пари Сен-Жермен" (Франция) - 1,02 млрд;

5. "Бавария" Мюнхен (Германия) - 929 миллион еуро;

6. "Челси" (Англия) - 928 млн.

7. "Ливерпуль" (Англия) - 921 млн.

8. "Барселона" (Испания) - 840 млн.

9. "Тоттенхэм Хотспур" (Англия) - 777 млн.

10. "Манчестер Юнайтед" (Англия) - 734 млн.