Футбол әлеміндегі сенімді ақпарат көзі – трансферлік сарапшы Фабрицио Романоның хабарлауынша, “Реал Мадрид” жазғы трансфер кезеңіндегі алғашқы сатып алымын жасады. Бұл – “Ливерпульдің” оң қапталдағы қорғаушысы Трент Александр-Арнолд.
26 жастағы қорғаушының “Реал Мадридке” ауысатыны туралы сыбыстар 2024 жылдың наурыз айында-ақ басталған болатын. Ол кезде Тренттің “Ливерпульмен” келісімшарты соңына таяп қалған еді. Осы сәттен бастап “Реал” Александр-Арнолдқа қызығушылығын білдіріп, оны өз сапына қосу жоспарын қолға алған.
2024 жылдың соңында қос тарап арасында келіссөздер жүріп, алғашқы ортақ келісімдер жөнінде ақпарат тарай бастады. 2025 жылдың ақпанында трансфердің нақты жүзеге асатынына сенім күшейді. Сол уақыттан бері Александр-Арнолдтың шешімі ғана күтілді.
Фабрицио Романоның айтуынша, Трент Александр-Арнолд өзінің шешімін қабылдады, және ол “Реал Мадридпен” ауызша келісімге келген. Ол клубқа бес жылдық келісімшартпен келмек.
Біздің серіктес: FONBET