Жарнама
Жарнама

Цхададзе: «Бізде ешқандай артықшылық жоқ»

26.08.2020, 21:23
«Ордабасы» - «Ботошани» арасындағы кездесу ертең, 27 тамызға жоспарланған
Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» командасының бас жаттықтырушысы Кахабер Цхададзе УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі Румыниялық "Ботошани" командасымен болатын ойын туралы өз ойымен бөлісті:

- «Ботошани» - бұл бірнеше жыл бойы бір құраммен ойнаған команда. Оларда ойын жиынтығы бар. Бұл өте үлкен артықшылық. Қосалқы құрамдағы ойыншылары негізгі құрамда ойнайтындардан жаман емес. Менің ойымша, біздің командаларымыз тең дәрежеде және бәрі ойын күні шешіледі. Матчта алмастырулар және олардың ойынға әсері маңызды болады. Мен қарсылас командада біреуді атап айта алмаймын. Мен шабуылшыны, капитанды, жақсы ойыншылардың бірін білемін. Олардың қосалқы құрамында да жақсы ойыншылар бар. Біз өзімізді көрсетіп, олардың өз ойынын көрсетпеуге тырысуымыз керек. Үйдегі жалғыз артықшылық - көрермендер. Егер олар болмаса, онда бізде артықшылық болмайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров