Шымкенттік «Ордабасы» командасының бас бапкері Кахабер Цхададзе Қазақстан Премьер-лигасының оныншы туры аясында Петропавлдың «Қызыл-Жар СК» командасымен болған ойын қорытындысы бойынша екі матчқа дисквалификацияланды.
Мұндай шешімді Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитеті қабылдады. Оның себебі - Цхададзенің қарсылас команданың бас жаттықтырушысына бағытталған спорттық емес мінез-құлқы. Аталған жаза мерзімі 2020 жылдың 25 қыркүйегінде күшіне енді.
Біз бұл «Ордабасы» бапкерінің қатысуымен өткен маусымдағы мұндай бірінші оқиға емес екенін айта кетейік. Бұған дейін, жетінші турда Цхададзе «Қайраттың» бапкеріне қарсы әрекеті үшін бір матчқа дисквалификацияланған болатын.
Біздің серіктес: FONBET